Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы әскери қызметкер өзіне қол жұмсады: Оның мәйіті Петропавлдан табылды

Петропавлда келісімшарт бойынша қызмет еткен әскери қызметкер асылып өлген күйінде табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, 21 қыркүйекте Петропавлдағы үйлердің бірінің жертөлесінен қорғаныс істері департаментімен келісімшарт бойынша әскери қызметкердің мәйіті табылды.

Баспасөз қызметі қайғылы оқиға жұмыстан тыс уақытта болғанын атап өтті.

"Алдын ала деректер бойынша келісімшарттағы әскери адам отбасылық жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Оның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу басқармасы орталық өңірлік қарулы күштеріне қарасты Петропавл тобының Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

"Өз-өзіне қол жұмсау туралы хат бар", – деп хабарлайды әскерилер. 

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасы хабарлады. Бейресми деректерде марқұмның кіші сержант шені болғаны айтылды.



Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылғанын жаздық. Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады. Тергеу адамды өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша басталған.

Талқылау