“Таэквондо әдісін қолданған”: Алматыда автобустағы әйелдердің төбелесі жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Алматыда автобустағы әйелдердің төбелесі жұрттың жағасын ұстатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоғамдық көлікте болған оқиғаның видеосы желіде тарады. Видеодан екі әйелдің бір-бірін тепкілеп жатқанын көруге болады.
Полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, жанжалға қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес шаралар қабылданады. Полиция азаматтарды кез келген келіспеушілікті тек құқықтық негізде шешуге шақырады", – делінген полиция хабарламасында.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"