Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Табысы төмен қазақстандықтарға мемлекеттен 432 мың теңге беріледі": Еңбек министрлігі тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2026 жылы біржолғы 432 500 теңге төлем тағайындалатыны туралы тараған хабарламаларға түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше, әлеуметтік желіде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан көрінеді. Министрлік аталмыш ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті. 


Қазақстанда ардагерлер мен мүгедектер тізіміне үлкен тексеріс басталды: Кімдер жәрдемақыдан қағылады


“Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз. Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз”, – делінген хабарламада. 

Еңбек министрлігі мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберілетінін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланатынын атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 26 Ақпан, 2026 22:11