Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Табалауына ешкімнің құқығы жоқ!": Ләйлә Сұлтанқызы сотқа не үшін жүгінгенін түсіндірді

Ләйлә Сұлтанқызы "Өз ойым" бағдарламасының төңірегінде шыққан дауға байланысты өзінің ар-намысын табалады деп айыптап, екі азаматты сотқа бергенін растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында оқырмандарына көптен бері сұрауы көп, бірақ жауабы болмай келген ақпаратпен бөлісті. 

"Әрқайсыларыңыз жеке тұлғасыздар. Қызметте жүргендер, өнерде, өмірде...кім болсаңыз да бастысы бір нәрсені ұмытпаңыз. Әр адам өз құқығын білу керек, қорғауы керек. Өміріңізге қатысты балағат, ауыр сөз айтып, жеке басыңызға өзге адам қол сұққанда, көбіне үнсіз қалып жататындарыңызды да білем. Бірақ, көбіне әр істің де, сөздің де сұрауы бар екенін, сұратуға заң бар екенін ескермейміз. Бұл жайлы елбасы да айтты, қалың жұрт та жақсы біледі",- деп көптен бері көкейінде жүрген мәселенің бетін ашты.

Сондай -ақ, КВН-ші Нұрболхан Шарапов пен тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа бергенін де раcтады.

"Менің белгілі бір тұлғаларға қатысты шағымданғаным рас. Осы уақытқа дейін кейбір адамдар шындықтың түбіне жетпей жатып, асыра сілтеп, жарыса сөйлегендер саралаусыз балағаттап, қаралап, қарғап жатты", -.дейді істің байыбына бармай қаралауға асыққан әріптестеріне ренжіген ол.  

"Қандай бағдарлама жүргізсем де, оған қатысқан адамдардың жеке пікіріне байланысты, жалпы бағдарлама жайлы кез келгеннің ой қосуына, пікір білдіруіне, наразы болуына құқығы бар! Кімді қолдайсыз, кімді қолдамайсыз ол да сіздің өз еркіңіз, құқығыңыз! 

Бірақ, менің жеке басыма өтіп, адамның ар-ұжданына тиіп, намысын табалауына ешкімнің құқығы жоқ! Сол себепті, ендігі кезек сот процессінде. Келесі постта адвокаттарымның ресми жауабымен бөлісемін", - деп өз ойын кесіп айтты. 

Естеріңізге сала кетейін, Ләйлә Сұлтанқызы танымал тележурналист пен әзілкешті сотқа бергендігі туралы адвокаты хабарлағанын айтқан болатынбыз. 

 

Талқылау