Ұшақ бортында емізулі сәбиі бар әйел жолаушы болыпты. Оны сәбиі үздіксіз жылай берген. Жолаушылардың бірі оны балағаттап баласын жұбатуды сұрайды. Өзге де жолаушылар осылай жасаған. Осыдан кейін ұрыс басталған. Бортсерік бұл жайлы ұшақ командиріне хабарлаған соң ұшқыш Ақтау әуежайына қонуға бел байлаған.
Жылаған сәби Анталья – Алматы ұшағындағы ұрысқа себеп болды
“Анталья-Алматы” әуе рейсін орындаған Түркия әуе компаниясы ұшағының ұшқыштары мәжбүрлі түрде Ақтау әуежайына қонып, тәртіп бұзушыларды полицияға тапсырды.

Бұл туралы Лада хабарлайды.
Ақтау халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:16-да ATLAS JET\ATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі келіп қонған. Ұшақтың қонуына емізулі нәрестесі бар әйел себепші болған.
Ұрысқа байланысты іс Ақтау қаласының қалалық сотына жіберілді. Ұшақтан ұрысқа себепші болған 3 отбасы шығарылды.
“200 жолаушыны тасымалдап келе жатқан ұшақ экипажы борттағы үш жалаушының кесірінен Ақтау әуежайына қонды. Олар мас болып, қасындағы адамдарды, бортсеріктерді балағаттаған”, – делінген Көліктегі ІІД хабарламасында.
Анықталғандай, айқай шығарған үш жолаушы Алматы облысының тұрғындары болып шықты.
“Олар Көліктегі ІІД-ге тапсырылды. Оларға қатысты ұсақ тәртіп бұзу туралы әкімшілік хаттама толтырылды”, – деді ведомство баспасөз қызметінде.
Аталған ұшақ сол түні 12 қыркүйек сағат 3:22-де сапарын жалғастырды.
Оқи отырыңыздар:
Астанада полицейлер шу шығарған бойжеткенді ұшақтан түсіріп тастады
140 жолаушысы бар ұшақ ұшқыштары ұшу кезінде ұйықтап қалған
Алматыда мас бойжеткен ұшақта шу шығарып, рейсті бөгеді (видео)
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”