Алматыда мас бойжеткен ұшақта шу шығарып, рейсті бөгеді (видео)
Алматы-Куала-Лампур рейсі мас жолаушыға бола бір сағат уақытқа бөгелді.

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Оқыс оқиға Air Astana әуе компаниясы KC 0935 рейсінің бортында болған.
“Алматыдан Куала-Лампурге бет алған ұшақ бортында мас жолаушы шу шығарды. Оны рейстен түсіріп, өзге жолаушылар да сыртқа шығуға мәжбүр болды. Артынша әуежай қызметкерлері қайта тексеру жұмыстарын жүргізді. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, шу шығарған жолаушы ішімдікке лық тойып алған”, – деп жазады Viruskz.
Әзірге рейсті бір сағат уақытқа кешіктірген бойжеткеннің аты-жөні мен мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.
Оқи отырыңыз:
Павлодарда жалақы алмаған жүргізушілер шу шығарды
Алматыда алып гипермаркетті тұрғызған құрылысшылар жалақысын талап етіп, шу шығарды
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады