Түркістанда ер адам студент қызды оңаша жерге сүйреп, зорламақ болды
Түркістанда зорлық ісіне қатысты ер адам іздестіріліп жатыр. Бұған дейін әлеуметті желіде бойжеткенді ер адамның зорламақ болғаны жарияланған еді, деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, жәбірленуші сотқа арыз жазып, ер адамның өзін зорламақ болғанын айтты.
Сараптама тағайындалып, күдіктінің түр-тұлғасы анықталды. Қазір іздеуде.
Желіде тараған видеода бойжеткенді жедел жәрдем қызметімен алып бара жатқаны көрсетілген. Видеода хабарландай, бойжеткен мешітке зиярат етуге келмеген. Ол қалада оқитын студент. Белгісіз біреу оның телефонын тартып алып, оңаша жерге сүйреген. Сол жерде киімін шешіп, зорламақ болған. Алайда бойжеткен қашып құтылған. Куәгерлер дереу полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырған.
Аталған жайт ҚР ҚК «Зорлауға оқталу» бабы бойынша тiркелдi.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"