Түскі асқа 14 мың теңге жұмсаған «Ақтөбе» футболшысы арзан бағаға тамақтанғанын айтып мақтанды (фото)
«Ақтөбе» клубының футболшысы Фабрицио Сильва Дорнеллас Қазақстандағы түскі ас бағасының арзан екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Алайда спортшы «арзан» деп атаған түскі асына 14 333 теңге жұмсаған. Дорнеллас есепшоттың суретін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
«Бұл жерде өте арзан бағаға түскі ас іштік», – деп жазған спортшы.
Десе де спортшының қай жерде тамақтанғаны белгісіз. Белгілісі, қазіргі уақытта ол Ақтөбеде жаттығып жүр.
Оқи отырыңыз:
Алматылық 14 жасар қыз АҚШ-та каратэден чемпион атанды
Биатлоннан Қазақстан құрамасы жекелей аралас эстафетада үздік ондыққа енді
Астанада мемлекеттік қызметкерлер физикалық дайындық бойынша Президенттік тестілеуден өтті
Боксшы Руслан Мәдиев қарсыласын нокаутқа жіберіп жеңіске жетті
Талқылау