Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсіпбаева айтқандарын мойындай отырып Жадодан кешірім сұрады (видео)

Бүгін Алматыда Жадыра  Сахиева мен Меруерт Түсіппаеваның  арасындағы дау бойынша сот отырысы өтті. Сотқа бірі келсе екіншісі келмей жүрген сәнгер мен әнші осы жолы  жолықты,-деп хабарлайды Stan.kz.

14606944_365722987134010_8303385321882517504_n

Сот істі қарамас бұрын шағымданушы Жадо мен Меруерт Түсіпбаеваны мәмілеге келуге шақырды. Жасы кіші болғандықтан Жадыра Сахиева әнші әпкесінен бірінші болып кешірім сұрады.

“Мен бұл жерде ешқандай да ақша өндіріп, атымды шығаруды көздеп отырған жоқпын. Кәсібім мен жеке басыма қаратыла айтылған сөздерге ренжулімін.”Шошқа” , “Фу” деп айтатындай не көрінді.Әлі де болса Түсіпбаевадан жасым кіші болғандықтан құрметтеп, жұрттың, халықтың қалауымен, сұрауы бойынша кешірім сұраймын. Бірақ, ел алдында мені кемсіте сөйлегені дұрыс емес.”,- деді сәнгер Жадыра Сахиева.

Ал, бұған дейін Жадыраның үстінен шағым түсіріп жүрген әнші Түсіпбаева сотта басқаша құбылды. Әрі өзінің айтқан сөздері үшін желі қолданушылары мен журналистерді кінәлады.

“Мен үш ұйықтасам түсіме кірмепті Жадыра Сахиевамен соттасамын деген ой. Арамыз өте жақсы болатын. Бізді бірі-бірімізге желі қолданушылары мен журналистер айдақтап, ұрыстырды. Жадыра меннен кешірім сұраса мен де одан кешірім сұраймын”,-деді Түсіпбаева.

Осылайша  сәнгер мен әнші татуласты. Енді сот өз кезегінде тараптардың  мәмілеге келуіне  байланысты ашылған істі жабады.

Оқи отырыңыз:

Лара Фабиан Димашты жеңісімен құттықтады

Ата-анасы: Ауылдың ауасымен тыныс алған Димашқа қалған 7 кезең оңай болады (видео)

Жерлестері Димашты Ақтөбеде ерекше ықыласпен қарсы алды (фото, видео)

Қытай журналистері Ақтөбеде Димаш туралы фильм түсіріп жатыр

Талқылау