Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсіпбаева: Мен – тұлғамын! Сіздерге ұнаймын ба, жоқ па, түкіргенім бар!

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаеваны телеарналардың біріне берген сұхбатына орай халық қатаң сынаған еді. Әнші онда  желіде өзін балағаттаған қыздың аяғына жығылып, кешірім сұрағаны жайлы айтқан болатын. Одан қалса көңіл-күйі болмаған кезде, тіпті жұртпен амандаспайтын мінезі барын жеткізген еді. Осыдан кейін халық әншіні бірден сынап, қылығына қарап оны сыйлаудан қалғандары жайлы жарыса жазған болатын.

меруерт

Бұл туралы stan.kz  сайты хабарлайды.

«Әртістерді  сынап-мінейтін еркектерге айтарым шалбарын шешіп, көйлек кисін. Болмаса далаға шығып ағаш отырғызып, үй салсын… Ал тілін сүреңдетіп, қолынан еркектер сияқты іс келмейтін нәзік жандылар да бар. Тек қана төсенішке айналғандар ғана компьютердің алдына отырып алып, өсек айтады. Әйелдерге айтарым құр жатпай,тым құрыса спортпен айналысыңыз! Мен-жеке тұлғамын! Сіздерге ұнаймын ба, жоқ па, түкіргенім бар. Бастысы отбасым мен өзімді осы мамандығымның арқасында асырап отырмын. Мен өз талантымды мақтан тұтамын. Осының арқасында ақша тауып, рахаттанып өмір сүрудемін! Әрине сіздердің араңыздағы кейбіреулерге қарағанда. Ішіңіз тарылмасын,сынамаңыз! Оданда айнаға қарап өзіңіздің кім екеніңізді көріңіз, айна сізді алдамайды!»,-деп жазғам Меруерт  Түсіпбаева.

Дәлірек айтқанда әнші өз ойын төмендегідей орысша жеткізген еді.

түсіп

Естеріңізде болса әншінің өзін балағаттаған қыздың аяғына жығылып, кешірім сұрағаны жайлы жазған едік.

Талқылау