Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсік тастаған әйел: Дәрігерлердің баламды пакетке салып бергені жаныма батты

Қазақстандық келіншек күйеуінен көрген қорлығын айтып налыды. Мұнымен қатар, дәрігерлердің шақалақты пакетке салып бергені жанына қатты батқан екен. Ол барша қазақ қыздарын бірінші кезекте өздері үшін өмір сүруге шақырды.

b81cfa14324e9ad94d4f1948f2a5_r16-9_w900_h506_gi-photo-527754

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Мен алғашқы сәбиімді 4-курста оқып жүріп көтергенмін. Екі балам бар. Күйеуім қатты соққыға жығып, үшінші баламды түсіріп алдым. Ол кезде үй салып жатқан едік. Үйдің шатырын жабуға ақша керек болды. Күн суытып, жаңбыр жауып кеткендіктен, күйеуім төркінімнен ақша сұратпақ болды. Мен «Олардан ақша сұрамаймын! Қайыршы емеспін» деп екеуіміз қатты ұрыстық. Арты төбелеске ұласып кетті. Үйдегі қайын інім екеуімізді ажыратпады.

Шамам келгенше қорғандым. Осылайша, араға бір апта салып, баламнан айырылып қалдым. Дәрігерлердің айтуынша, жүрегі бір апта бұрын тоқтап қалған. Алақандай шақалақты дәрігерлер пакетке салып, қолыма ұстатты. Өмірім осы сәтте тоқтап қалғандай көрінді. Күйеуімнен қашып, оны палатаға кіргізбей жүрдім. Ажырасатынымды айтып едім, анам жылап күйеуіммен қайта қосылуымды өтінді. Ауруханадан шыққан соң, анамның үйінде болдым. Үлкен ұлым әкесін сағынғанын айтып жылай берді.

Өзім де күйеуімнің үйінде тұрып үйреніп қалған соң, анамның үйінде ұзақ тұрақтай алмадым. Ақыры амалсыз үйге қайттым. Күйеуіме «Балаға тойған екенсің. Сол баланың өлімі сенің мойныңда» деп айттым. Осы түсіктен кейін күйеуіме деген көңілім суып кетті. Үлкен балам әкесін қатты жақсы көретіндіктен, анам өтініп сұрағандықтан, онымен бірге өмір сүруге мәжбүрмін. Қазір тағы бір ұл туып алдым. Неге қазақ қыздары өзгенің көңілі үшін өмір сүруге дайын? Өзіміз үшін қашан өмір сүреміз?», – Айжан Тоқмұратова (есімі өзгертілді).

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек ай сайын ақша сұрайтын төркінінен қалай құтыларын білмей жүр

Жігіті пәктігіне сенбеген бойжеткен өзіне қол жұмсамақ болған

Үш қыздың анасы: Қайын сіңілім біздегі ұлын тартып ала ма деп қорқамын

Қазақстандық келіншек үшінші баласын тууына қарсы болған күйеуіне ренжулі

Талқылау