Түрмеде зорланған әйел ісі: Әділет полковнигі 5 жылға сотталды
Түрмеде зорланып, жүкті болған Наталья Слекишинаның ісі бойынша сол кездегі ЛА-155/18 уақытша тергеу изоляторының басшысы Ермек Омарбековке қатысты сот үкімі шықты.
Бүгін Түркісіб аудандық сотында Ермек Омарбековке қатысты сот шешім шығарды. Ол қызмет бабындағы салғырттығы (ҚР ҚК 370-бабы, 4 тармағы), қызметтік лауазымына зиян келтіру (ҚР ҚК 361-бабы, 2-тармағы) баптары бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға сотталды. Сонымен қатар, әділет полковнигі лауазымынан айырды.
Еске сала кетейік, 2015 жылы түрме қызметкері Руслан Хакимов зорлап, одан бала тудым деген Слекишина сол кездегі уақытша ұстау мекемесінің басшысы Ермек Омарбековке оқиға туралы арызданған. Алайда ол ешқандай әрекет жасамаған. Ал Слекишинаны зорлаған Хакимовтың кінәсі дәлелденіп, 9 жылға түрмеге қамалған болатын.
Оқи отырыңыз:
Баян Мақсатқызы алқаш әйелдің рөлін сомдауға қиналғанын айтты
Қарағандыда 7 қызы бар отбасы «Алтын» алқаны ломбардқа да өткізе алмаған
Атамбаев: Мен емес, өзге елдің ісіне араласқандар кешірім сұрау керек
Балғынбек Имашев елбасыдан Атамбаев үшін кешірім сұраған қырғыз ақынына жауап берді (видео)