Түркияда жер астынан 18 қабатты қала табылды (фото)
Түркияда Каппадокия тарихи мекенінің астынан Деринкүй қаласы табылды. 18 қабаттан тұратын қалаға 20 мың адам еркін сыйып кетеді екен.
1963 жылы Каппадокия ауданында тұратын ер адам өзінің үйін тұрғызғысы келеді. Алайда ол кездейсоқ таңқалдырарлық мекенге тап болады.
Ол туннель жүріп жатқан құпия бөлмеге кездеседі. Ол туннель Деринкүй деп аталатын жер асты қаласын тауып алған.
Жер астындағы құпия қала 20 мың тұрғынға дейін еркін сыйдыра алады екен.
Қала ежелгі Византия дәуірі кезінде, шамамен 780-1180 жылдары салынған.
Қала ішінде – асханалар желісі, атқоралар, шіркеу, үңгір, құдық, тіпті мектепке дейін бар екен. Ол жергілікті тұрғындарды араб-византия әскерінен және табиғи апаттардан қорғайтын бункер ретінде қолданылған.
Жау жақындаған кезде қаланың қақпалары іштен жабылып қалатын болған. Сонымен қатар, әр қабаты жеке-жеке жабылып қалатын жүйемен жасалған.
Деринкүй әлемдегі ең ірі жерасты мекендерінің бірегейі болып саналады.
Мұндағы құпия үңгірлер Капподокияға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер тартып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Оқушы жігіттер мұғаліміне өздерінің ұрығы қосылған бәліш берген
71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрып жатыр (фото)
Студент банк қателесіп аударған $4,6 миллионды толықтай құртып жіберген (фото)
Мауглидің шынайы өмірі: пілді аға, қабыланды дос тұтқан бүлдіршіннің таңғажайып оқиғасы (фото)