Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туберкулезге шалдыққан қазақстандық қыз Варшавадан елімізге жеткізілді

18 жастағы қазақстандық қыз ҚР Денсаулық сақтау басқармасының санитарлық авиациясы арнайы ұшағымен елімізге жеткізілді.

20310000

Ол туберкулездің сирек кездесетін түріне шалдыққан. Аяулым биылғы жылы ауыр дертпен елімізге қайтарылған үшінші адам, деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Осы жылдың ақпан айында Қызылорда облысының тұрғыны, Семейдегі университетінің 1-курс студенті Аяулым Польшаның Белосток қаласына мемлекеттік бағдаламамен қысқа мезімді оқуға барған.

Оқуының аяқталуына бір ай қалғанда ол суық тигізіп, емханаға жатқызылды. Кейін дәрігерлер оның туберкулездің ашық түріне (XDR TB) шалдыққанын анықтады.

Қыздың бұл аурумен Қазақстанда ауырғаны белгілі болды. Оған туысының бірінен жұққан.

Бұл жайлы білген соң қыздың кураторы Польшадағы Қазақстан елшілігіне хабарласып, мән-жайлы баяндайды.

Көп уақыт емделгенімен ешқандай нәтиже шықпайды. Сондықтан польшалық дәрігерлер қызды Қазақстанға емдеуге жіберді.

Дерті жұқпалы болғандықтан қызды жеке арнайы ұшақпен жеткізді. Ол 8 тамыз күні Варшава қаласынан Астанаға ұшып келді.

Қазақстадық дипломаттар күнделікті Польша дәрігерлерімен қатынаста болды. Варшавадағы университет мұғалімдері де қызды қолдап отырды. Аяулымның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз!”, – деп жазады Жайнақов желіде.

Тағы да оқыңыз:

Алматыға жақын маңда ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Алматыда жолаушы әжелер бұзылып қалған троллейбусты итерді (видео)

Астанада бейтаныс жігіттер терезеге шығып алған баланы құтқарды (видео)

Талқылау