Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сырт келбетіңізге зияны зор 15 әдет

Сырт келбетіміздің әр жастағы көрінісі генетикамен тығыз байланысты. Десе де ол ықпал етуші жалғыз фактор емес – біз қартаю процесіне айтарлықтай әсер ете аламыз.

лицо0901

Фото: www.instagram.com/aya_shalkar

Бұл ретте жастығыңызды ұрлайтын, десе де біз үшін зиянсыз көрінетін әдеттер тізімін құрдық.

1. Шашты тығыз буу

Шашты түбірінен тығыз буу келешекте шаштың түсуіне алып келуі мүмкін. Шашаңыздың саулығын сақтағыңыз келсе, мұндай шаш үлгісін өзге түрлеріне алмастырған жөн.

2. Сүтті көп ішу

Әрине, сүттен мүлдем бас тартудың қажеті жоқ. Алайда бұл өнімді шамадан тыс мөлшерде тұтынудың зиянын білуіміз керек. Сүттің құрамында май бездерінің қызметін белсендіретін андрогендер бар. Нәтижесінде теріде май көп бөлініп, саңылауларды бітеп, теріні нашар, майлы көрсетеді.

3. Күннен қорғайтын иісмай

Көптеген әйел күннен қорғайтын иісмайды жыл бойы жағуға әдеттенген. Десе де қол күтімі жөнінде жиі естен шығарады. Қол терісі тез қартаяды және май жоғалтады. Ал ультракүлгін сәулелер теріде дақ пен әжім қалдырады. Егер темір тұлпарды жиі тізгіндейтін болсаңыз, қолға арналған күннен қорғайтын иісмай қолданыңыз. Ал жаз маусымында иісмайды мойын мен кеудеңізе жағуды ұмытпаңыз.

4. Аяқты айқастырып отыру

Аяқтағы көктамырлардың кеңеюі – қан тамырларының қысылып, қанайналымының бұзылғандығының белгісі. Айтпақшы, аяқты айқастырып отыру кіші жамбас аумағында қан жүрмей қалуына әкеледі. Ал ол әйелдер үшін (әсіресе, жүкті әйелдерге) өте зиян. Өзіңізді үнемі қадағалау оңай емес, есесіне, өзіңізге ыңғайлы компьютерлік орындық сатып алып, кез-келген аяғыңызды жоғарыға қойып отыра аласыз.

5. Су шашты тарау

Мұндай шарадан кейін шаш ұштанып кетеді. Бұл шаш күтімінде жиі жіберілетін қателік. Шашыңызды кезекті рет зақымдағыңыз келмесе, алдымен сүлгімен суын құрғатып алып, артынан фенмен кептіріңіз. Тек осыдан кейін ғана қолыңызға тарақ алуыңызға болады.

6. Опа-далап жағар алдында қас жұлу

Егер іскектің көмегімен қасыңыздың пішінін түзегіңіз келсе, мұны кешкілік, бетіңізді жуғаннан кейін ғана жасағаныңыз дұрыс. Осы арқылы бактериялар түсу қаупін төмендетесіз және қас төңірегіндегі тері тітіркенбейді.

7. Шаш сәндеуге арналған құралдар

Шашыңызға жоғары температура әсер еткен кезде (фен, шашқа арналған үтік), шаш ішінде ұсақ көпіршіктер пайда болады. Бұл көпіршіктер шаштарды құрғақ әрі сынғыш етеді. Ал оған жол бермес үшін, фенді шашыңыздан 15 см қашықтықта ұстаңыз. Міндетті түрде термоқорғауды қолданып, температурасын орташа деңгейге қойыңыз.

8. Көзді уқалау

Бұл зиянды әдет салдарынан кірпігіңіз зардап шегеді. Олар сынғыш әрі жиі түсетін болады. Сонымен қатар көз астындағы теріге зақым келтіресіз. Көп уқалағаннан тері қызарып, түріңіз шаршаңқы көрінеді. Көзіңізді уқалаудың орнына «20—20—20» әдісін қолданыңыз: әр 20 синут сайын 20 секунд бойы алысқа қарап тұрыңыз.

9. Өкпе-реніш сақтау

2005 жылы Behavioral Medicine журналында жарияланған зерттеу жұмысы кешірім мен денсаулық арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетті. Егер ескі өкпе-реніштерді ұмыта алмай, іште сақтасаңыз, ерте қартаясыз. Ренжіген уақытта денеңізде күйзеліс гормоны (кортизол) жинақталады. Ол артық салмақ жинауға әсер етіп, қан қысымы мен қандағы қант мөлшерін арттырады. Өз кезегінде ол сусамырдың дамуына алып келеді. 

10. Бетті жиі ұстау

Жағыңызды таяну, мұрыныңызды қасу, иегіңізді уқалау сынды әдеттерді жиі жасайтыныңызды уақыт өте келе байқамай да қаласыз. Оның зияны екі есе: теріні үнемі созғылау ерте әжім түсуіне ықпал етсе, кір қолыңызбен бетіңізді жиі ұстау тері аурулары, безеу пайда болуына алып келеді. Бұл әдеттерден арылу үшін өзіңізді қатаң бақылауға алуыңыз керек.

11. Бетке жиі опа жағу

Бет терісі майланған сайын күніне бірнеше опа жағу – теріңізге жасалатын үлкен қастандық. Ол бірнеше қабат опадан кейін бетіңіздің қалай көрінетіндігімен емес, терідегі саңылаулардың қатты бітелуімен байланысты. Не істеу керек? Алдымен бетіңізді күңгірттендіретін майлықпен дымқылдаңыз. Мұнан кейін де опа жағу қажеттілігі туындаса ғана қолдануға болады.

12. Сөмкенің «қоқыс» жәшігіне айналуы

Егер сөмкеңізден қолшатырдан бастап, артық аяқ киім мен кітапқа дейін қажеттінің барлығы табылса, сымбатыңыздың зардап шегетіні анық. Сондықтан сөмкені екі иығыңызды жиі алмастырып ұстауды естен шығармағайсыз.

13. Бет терісін нәрлендіретін иісмайды көп қолдану

Егер шамадан көп мөлшерде және жиі қолдансаңыз, сапалы деген иісмайлардың өзі теріңізге зиян келтіреді. Иісмайды көп мөлшерде жағуға болмайды. Мұндай қабаттың астындағы тері демала алмайды. Нәтижесінде бетіңіз ісініп, көз асты аумағындағы тері күлдірейді. Артық иісмайды міндетті түрде майлықпен сүртіп алу қажет.

14. Көп жүгіру

Дәрігерлердің пікірінше, дене белсенділігінің бұл түрімен әуестену тері қартаюын жылдамдатуға әсер етеді. Егер сөз таңертеңгі жеңіл жүгіріс жөнінде болса, оның пайдасынан өзге зияны жоқ.

15. Жаңа сығылған шырынды көп мөлшерде ішу

Балғын жеміс-жидектер, көкөністер еркін радикалдармен күресетін антиоксиданттарға бай. Бірақ шырын құрамында фруктоза мөлшері көп. Қант молекулалары қан арқылы ағзаңыздың барлығ жасушаларына тарап, майлар, ақуыздармен әрекеттеседі. Қант коллагенмен әрекеттескен кезде орын алатын процес әжім пайда болуына алып келеді. Ал жасыл көкөністер құрамында антиоксиданттар мен цинк көп мөлшерде кездеседі. Олар әжім түсуінің алдын алады.

 

 

Талқылау