Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сырт келбетіңіздің заманауи сәнге сай келмейтінін білдіретін 13 белгі

Сырт-келбетіміз біз туралы көп мағұлмат береді. Егер ескі сәндегі киім кисек, өз жасымыздан анағұрлым үлкен көрінеміз. Сонымен қатар бұл сәнді емес. Ал көпшілігіміз мән бере бермейтін сән мәселесі жақсы жұмыс табуға, қызметіңізде жоғарылауға немесе өмірлік жарыңызды кездестіруге көмектесуі мүмкін.

Бұл ретте қазіргі уақытта сәннен қалған дүниелер тізімін ұсынамыз.

1. Тым ашық-шашық киіну

Денеңізді айқындап тұратын, кеудесі ашық қысқа көйлекпен қатар биік өкшелі туфли кисеңіз, сәннен қалғаныңыз. Оның үстіне мұндай образ тым ерсі көрінеді. Бүгінгі күні ұзын әрі кең киімдер сәнге айналған.

2. Биік өкшелі туфли

Классикалық биік өкшелі туфлиді тек ерекше жағдайларда ғана киген жөн. Ал өкшесі биік платформалы туфли 2000 жылдардың елесі сияқты. Олар сәннен шыққалы қашан? Қазіргі уақытта сәнқойлар жай табан аяқ киімнің сәнді түрлері мен өкшесі тым биік емес туфли киеді.

3. Денеге жабысып тұратын мамықтан жасалған күрте

Денеге жабысып тұратын мамықтан жасалған күрте жұлдызқұртты еске түсіреді. Бұл сәнді емес. Сонымен қатар көзге тартымды көрінбейді. Десе де қыс мезгілі үшін мұндай күрте – өте ыңғайлы. Бастысы күртенің өзіңізге жарасымды дұрыс үлгісін алғаныңыз жөн.

4. Жылтыр колготки

Бұл ретте денен түстес колготкилер сөз болады. Жылтырап тұратын дене түстес колготкиден мүлдем бас тартыңыз. Егер сәнді көрінгіңіз келсе, днеңіздің түсіне сәйкес колготки кигеніңіз дұрыс. Және қалыңдығы 20 den болуы тиіс.

5. Түсі бірдей аксессуарлар

Аяқ киім мен сөмке түсінің сәйкес келуі – сәнді емес. Бұл қатарға бас киім, мойынорағыш, қолғап сынды жиынтық та кіреді. Мұнан гөрі әр түрлі түстердің үйлесімі әлдеқайда тартымды көрінеді.

6. Алтын әшекейлер

Алтын әшекейлердің дәурені өтті. Заманауи сәнқойлар апаларымыз сияқты алтыннан жасалған сақина, алқа, білезік тақпайды. Тіпті гаухар таспен болса да. Қазіргі уақытта сәнді әрі сапалы бижутерия сәнге айналған.

7. Белден төмен шалбар мен белдемше

Белден төмен тұратын джинсы шалбарлар мен белдемшелер сәннен шыққан. Бүгінгі күні жоғарғы бөлігі «қалыпты» және белден жоғары шалбарлар сәнде. Олар аяғыңыздың ұзын көрінуіне көмектеседі.

8. Жылтырақ заттар

Жылтырақ заттар да сәннен қалған. Өз гардеробыңызды жылтыратқыңыз келе ме? Онда «металлик» түсті, пайеткамен зерленген киімдералғаныңыз жөн.

9. Шаш қыстырғыштар мен резеңкелер

Түрлі-түсті резеңке мен шаш қыстырғыштан да бас тартыңыз. Олар сәнді емес әрі образыңызды «арзан» көрсетеді. Ал шашыңызды буғыңыз келсе, шаш түсіне сәйкес жіңішке резеңке сатып алыңыз.

10. Бір ғана стильде киіну

Заманауи сәнге әр түрлі стильдерді үйлестіру тән. Ал «романтикалық көйлекпен тек биік өкшелі туфли кию керек» деген сияқты қалыптасқан пікірден арылғаныңыз абзал. Түрлі стильді үйлестіріп, обарзыңызды жаңартудан қорықпаңыз.

11. Мінсіз шаш үлгісі

Қарапайымдылық пен шынайылық – қашан да болмасын сәнді. Ал лакпен қатырылған шаш үлгісі, бұйраланған шаш бүгінгі күні сәннен шыққан.

12. Ұзын тырнақ

Ұзын тырнақ иелерінің заманауи сәннен хабарсыз екені анық. Ал түрлі дизайн, жылтырақтар, суреттер туралы айтудың да қажеті жоқ.

13. Бояумен әуестену

Үлкен омырау мен ерін, ұзартылған кірпік, шектен тыс бояну – бүгінгінің сәнінен шыққан. Тіпті, бұған дейін де көпшілік аталғандарды құп көрмеген. Тек табиғи сұлулық ғана әр уақытта сәнді болып қала береді.

Оқи отырыңыз:

Фейсбук қолданушының суреттерін «тірілтпекші»

Өлім аузында жатып сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіттің диагнозы қате болып шыққан

Ғарышкер Арал теңізін ғарыштан суретке түсіріп алды

8 жасар бала қарандаштың кесірінен көз жұма жаздады

Талқылау