Сырдария өзенінде 30 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсамақшы болды
Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде 30 жастағы әйел өз-өзіне қол жасамақшы болды. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, мұз үстімен қашқан әйелді ұстап үлгерді. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті хабарланды.
Фото: Төтенше жағдайлар комитеті
Оқиға Набережная көшесі №1 үйі маңында болған.
Төтенше жағдайлар комитетіне әйелдің мұз үстінде жүріп, суицид жасамақшы болғаны туралы хабар келген.
Оқиға орнына 5 құтқарушы барып, мұз үстінде белгісіз әйелдің жүргенін көрген. 30 жастағы әйел құтқарушыларды көре салысымен көпірге қарай қаша жөнелген.
Құтқарылған әйел өзінің суицид жасағысы келгенін түсіндірген.
Құтқарушылар оны полицейлерге тапсырды.
Тағы оқыңыз:
ІІМ: Астана әуежайын су басып кету қаупі бар
Атырауда салмағы небәрі 25 келі болатын 28 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады
Енесіне алғыс айтқан келіні жұртты сүйсінтті (видео)
Мадина: Осы оқиғадан кейін есіме түскен кісілердің бәріне хабарласып, кешірім сұрадым
Талқылау