"Сұрамайтындай толтырып қояды": Ерке Есмахан үйінде ақшаны кім ұстайтынын айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан отбасылық бюджетке қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/erke_esmahannn
Өнер иесі оқырмандарымен сырласып, ақыл-кеңес берді. Эстрада жұлдызы үйінде ақшаны кім ұстайтынын ашық айтты.
"Негізі сіздерге сол қызық? Маған мысалы біреудің үйінде ақшаны, бақшаны кім ұстайтыны мүлдем қызық емес екен. Ондай нәрсеге неге энергия құртасыздар? Қызық болса айта кетейін. Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм. Бірақ мен ақша сұрамайтындай картамды толтырып қояды", – деп жауап берді Ерке.
-
"Мақсатым – ақша табу емес": Ерке Есмахан жаңа бизнесіне қатысты пікір білдірді
-
"Сұрағанымның бәрін берді": 40 жасқа толған Ерке Есмахан желіде жан сырын ақтарды
Сондай-ақ өнер иесі “Темекі шегеді екен” деген әңгіменің қауесет екенін айтты.
“Мені кім не демеді, не істемеді демеді. Өмірімді жиі талқылайтыны сонша, неше түрлісін қосып айта береді. Ерке еркек екен десе де таңғалмаймын”, – деп жауап берді өнер иесі.
Еске салайық, "Ішкі жарамды жасырдым" деген Ерке Есмахан ел алдында жан сырын ақтарған еді.