Сыр өңірінде тұратын ұстаның үйіне арақ ішіп келген адамның көзіне жылан көрінеді
Сыр өңіріндегі Бозкөл ауылында талай тылсымды жасырған киелі ұстахана бар. Ал мұнда арақ ішкен адам келсе, алдынан ұзын қара жылан атып шығып, ысылдайды екен.
Темірден түрлі туынды мен небір зергерлік бұйым жасалатын киелі ұстахана Жәлен Ерімбетұлыныкі екен. Ол кісі ел аузында «Жәлен ата» деп аталып кеткен. Құпия сырды бүккен ұстахананың иесі 1902-1982 жылдары өмір сүрген, деп хабарлайды Baq.kz.
Ұстаның немересі Ләззат Жәленованың айтуынша, Жәлен атасының ұстаханасы пері аунаған жерге салынған көрінеді.
Жәлен атаның кіндігінен жеті бала өрбіген. Соның ішінде Сахит есімді ұлы әке жолын жалғастырған. Қазіргі таңда «қара дүкенді» Сахиттің кенжесі Аманат ұстап отыр.
Аманаттың айтуынша, темірден түйін түйген Жәлен ата тегін адам болмаған. Ұстаның көзіне жанары қып-қызыл от болып жүретін бір үйір жылқы мен жылан көрінеді екен. Ал жыланын Сахит әкесі кешегі күнге дейін көрген-ді.
Тағы да оқыңыз:
Анасы азаптан құтқару үшін 7 жасар ауру қызын өлтіріп тастады
Ақтөбеде күннен қуат алатын заманауи киіз үй құрылды (фото)
Монах әйелдің киімін киіп алған екі келіншек банк тонамақ болды