Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыныптасының сәтсіз әзілі оқушы қыздың омыртқасын оңдырмай жарақаттады

Екатеринбургте №167 мектептің 9-сынып оқушысы омыртқасынан алған ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

v-shkole-167-ekaterinburga-sholnica-slomala-pozvonochnik_1

Бұл туралы Е1.ru хабарлайды.

Оқушы қыз сыныптасының сәтсіз әзілінен кейін омыртқасынан жарақат алып қалған. Полиция қазіргі таңда тергеуге дейнігі тексеру жұмыстарын бастап кетті.

“Викторина кезінде ұлдардың бірі әзілдеп оқушы қыздың орындығын тартып қалады. Ал қыз болса енді отыруға ыңғайланып жатқан еді. Қыз еденге арқасымен құлап, жарақат алған”, – деп хабарлады полиция.

Ауруханаға түскен қыздың кеудесінен және омыртқасынан жарақаттар алғанын анықтады. Қазір тәртіп сақшылары оқушының сыныптастары мен мұғалімдерден сұрау алып жатыр. Сұраудың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Оқи отырыңыз:

Оңтүстік Қазақстан облысында егде ерлі-зайыптыларды шауып тастаған

Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

12 жастағы қызды туған ағасы зорлап жүкті қылған

Талқылау