"Сұхбатты не үшін бердіңіз?!": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі отбасылық фотоларын жариялады
Танымал блогер Екатерина Вайт күйеуі, әнші Сейфуллин Жолбарыспен қайта қосылғандарын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Айта кетейік, блогер Екатерина Жолбарыс әнші күйеуінің көзіне шөп салғанын айтқан еді. Алайда соңғы кезде жұлдызды жұп бірге көрінеді.
“Мәселенің мәні осы болды... Рахмет! Бәрін қабылдап, әріқарай кеттік. Ешкім идеал емес. Әркім басындағы тарақандарымен өзі күреседі”, – деп жазды блогер.
-
Екатерина Жолбарыс: "Сейфуллиннің бұрынғы әйелінен кешірім сұраймын"
-
"Төрт көзіміз түгел": Жолбарыс Сейфуллин бұрынғы әйелімен бірге көзге түсті
Желі қолданушылары жұпқа бақыт тілеп жатса, енді бірі блогер келіншекті сынап жатыр.
“Ресми түрде ажырасып, қайтадан қосылыпты”, “Әйелі қыздарын әкесіз өсірмеймін деген шығар?!”, “Күйеуіне қайтып қосылатыны бар, неге сұхбат беріп, бәрін жайып салды”, “Көзіне шөп салған күйеуді кешіру деген ақылға сыймайды”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, мәдениет қайраткері Сейфуллин Жолбарыс та әйелінің сөзін растап, екі жаққа кеткендерін айтқан еді.