Швейцариялық инвестор Қазақстанда миллиардтаған теңгелік алаяқтықтың құрбаны болды

Қазақстанда қазақстандық кәсіпкер швейцариялық инвесторға тиесілі компания үлесін жалған құжаттар арқылы заңсыз сатқан. Ол осылайша азаматтарды алдап, шетелдік инвесторға 3,5 миллиард теңге көлемінде залал әкелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, оқиғада швейцариялық инвестор Корнелия Люк Ярчик көрсетілген. Тергеу барысында 2016 жылдың қыркүйегінде қазақстандық кәсіпкер жалған құжаттарды пайдалана отырып, швейцариялық инвесторға тиесілі "УК Ринком" ЖШС-дегі 80% үлесті заңсыз түрде сатқан. Үлес 63 миллион теңгеге өткен.
Қадағалау органының дерегінше, аталған кәсіпорын Ұлытау облысында темір рудасы кен орнын игерумен айналысқан.
“2026 жылғы 27 сәуірдегі сот үкімімен азамат М Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша – аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар шетелдік инвестордың 3,5 миллиард теңге көлеміндегі азаматтық талабы толық қанағаттандырылды”, – делінген хабарламада.
ОқыңызБас прокуратура шетелдік инвестордың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілгенін атап өтті.
"101 раушан, көлік, телефон мен жеке мобилограф": Түлектердің бітіру кешінде алған қымбат сыйлықтары қазақстандықтардың талқысына түсті