Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйіп қалдым жас баланы": Жайдарманшы Мереке күйеуіне арнап ән жазды

Жайдарманшы Мереке Қалбаева енді әншілікке бет бұрды. Мереке "Сүйіп қалдым жас баланы" атты ән жазды. 

Жайдарманшы қыз өзінен бірнеше жас кіші күйеуіне арнап ән жазды. Ән түріктің кең тараған әні. Сөзін Жандос Әлімбетов жазған. 

Мерекенің өзі әнге қатысты өз ойын айтты.  

"Бала күнімнен түрік, өзбек әндерін ұнаттым. Арманым еді. Сол арманым орныдалып, түріктің әнін жаздырдым. "Екі жұлдыз" жобасына қатысқалы маған "неге ән айтпайсың? Даусың жақсы дейтіндер көбейді. Сол себепті тәуекелге бардым. Әнімді тыңдап, баға беріңіздер", - дейді ол.

"Мықтысың Мереке. Бақытты болыңдар. Сәбиіңді аман есен дүниеге әкелуіңе тілекшімін", "Біреудің бақытына қуану, біреудің жетістігіне жаршы болу, өз бақытыңды еселейді. Мереке. Жарайсың. Батыр қыз. Қайсар қыз. Бақытты болыңдар", "Маxаббаттың арқасында жақсы әндер шығып жатыр! Раxмет саған маxаббат!", дейді желі қолданушылары.

Талқылау