Sustainable Fitch рейтинг агенттігі Solva-ның ESG-рейтингісін "3" деңгейінде растады
Sustainable Fitch рейтинг агенттігі Solva бренді атынан қызмет ететін "ОнлайнҚазФинанс" МҚҰ" АҚ-ның ESG-рейтингісін "3" деңгейінде растады. Компанияның жалпы балы 59-дан 61-ге дейін көтерілді. Бұл – Sustainable Fitch агенттігінің Қазақстанның қаржы институттары арасында берілген ең жоғары ESG бағаларының бірі. Компания экологиялық және әлеуметтік тәуекелдері жоғары ШОБ клиенттерінің тізімін жаңартудың және бұл тізімді өз жұмысында басшылыққа алуының арқасында позициясын жақсартты.
Solva көбінесе микро, шағын және орта кәсіпорындарға микрокредит ұсынады. Олардың кредиттік портфельдегі үлесі 60%-дан артады. Бұл ретте қаражаттың 70%-ы кәсіпкер әйелдерге берілді. Осы фактор Sustainable Fitch тарапынан оң бағаға ие болды. Себебі берілген қаражат ШОБ-тың қарқынды өсуі мен дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына әсер етіп, бизнесті жүргізуде кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетіп, сонымен қатар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектесіп, БҰҰ-ның тұрақты дамудың келесі мақсаттарына жетуге үлес қосады:
- 4 мақсат (сапалы білім беру);
- 5 мақсат (гендерлік теңдік);
- 8 мақсат (лайықты жұмыс және экономикалық даму);
- 9 мақсат (өнеркәсіп, инновациялар, инфрақұрылым).
Компанияның әлеуметтік бағыты да жоғары бағаға ие болды.Solva қаржылық сауаттылықты арттыруға қатысты бірқатар бастамаларды дамытып, өз қызметкерлеріне жайлы және тең еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді. Қиындықтарда және төтенше жағдайларда өз клиенттеріне белсенді көмек береді. Соның ішінде қарыздарды төлей алмау жағдайларын жан-жақты қарастырып, реттеуге тырысады.
Бұған қоса, 2024 жылдың желтоқсанында PWC Қазақстан Solva компаниясын "2023 жылғы есептілікке сәйкес ESG-ақпаратын ашу бойынша қазақстандық үздік ТОП-50 компания" жыл сайынғы рейтингісіне енгізді. Компания рейтингтің дәл ортасында орналасып, еліміздің ірі кәсіпорындарының арасында 25 орынды иеленді. Бұған қоса Solva барлық қазақстандық МҚҰ арасында көшбасшы атанды. Solva компаниясын микроқаржы ұйымдары арасында ESG-ақпаратын ашу бойынша көшбасшы деп тану және оның Қазақстандағы барлық қаржы ұйымдарының арасында ТОП-10-ға енуі – компанияның тұрақты даму саласында жеке іс-тәжірибелерін нығайту бойынша жасаған жүйелі жұмысының нәтижесі.
Компанияда тұрақты даму стратегиясы қабылданған, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар тұрақты түрде іске асырылады. Экологиялық бастамалар енгізіліп, жауапты қаржыландыру тәжірибесі мен басқа да мәселелерді жетілдіруге баса назар аударылады. Solva өзінің ESG қызметі туралы ақпаратты әрдайым толық әрі ашық түрде жариялауға тырысады. Компания тұрақты даму туралы (GRI және SASB стандарттарына сәйкес) және ШОБ секторына экономикалық ықпал ету туралы есебін жыл сайын жариялайды.
2023 жылы Қазақстанда "Жыл финтехі" атанған , Solva ("ОнлайнҚазФинанс" МҚҰ АҚ) – кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығында көшбасшы. Ол микро, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған цифрлық қаржылық өнімдерді ұсынады. Компания машиналық оқытуды және заманауи data science құралдарын қолданып, микро, шағын және орта бизнеске ("МШОБ") айналымдағы капиталды толықтыруды және инвестициялық мақсаттарды қаржыландыруды ұсынады. Бұрынғы инвестициялық банкирлер Борис Батин мен Александр Дунаев негізін қалаған. Solva Қазақстандағы ШОБ клиенттеріне жалпы алғанда 85 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру жасады. 2023 жылдың соңында Solva $20 млн көлемінде инвестицияларды тарту бойынша мәмілені жапты. Негізгі инвесторлар – ZCP қорынының серіктестерімен бірлесіп, Orascom халықаралық конгломератының иелері Савиристер.
Sustainable Fitch – компанияның экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық көрсеткіштерін бағалау негізінде оған нақты ESG рейтингісін белгілейтін халықаралық рейтинг агенттігі. Рейтинг компанияның тұрақты даму саласындағы (ESG) жетілуін білдіреді. Соның ішінде қызметінің тиімділігін, экологиялық және әлеуметтік факторларының бизнеске, ESG стратегиясына және корпоративтік басқаруға интеграциялануын бағалайды. Рейтингтер "1" бастап "5" дейінгі шкала бойынша беріледі, мұнда "1" — үздік, а "5" — нашар.