Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сума Чакрабарти бір уақытта Тоқаев пен Мирзиеевтің кеңесшісі қызметін қалай атқаратынын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти еліміздегі арналардың бірінен көрсетілетін "Ұлттық мүдде" бағдарламасында қалай бір уақытта Тоқаев пен қоса Мирзиеевтің кеңесшісі болып жұмыс істейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

токаев коллаж

Елімізде бірден екі жоғары лауазымды қатар атқаратын алғашқы шетелдік - Жоғарғы кеңес төрағасының реформалар жөніндегі орынбасары және Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Сэр Чакрабарти мемлекет басшысымен жеке байланысы туралы айтты.

"Мен кеңесшімін. Түрлі кеңестер беру арқылы өзімді еркін сезінемін. Осы ретте президенттің өзінен шынайы жауап естимін. Сіздердің басшыларыңыз (Тоқаев –ред.) талқылауды жақсы көреді және ол мені әрқашан ашық әңгімеге шақырады. Бұл өте қызықты қарым-қатынас", - деді президенттің штаттан тыс кеңесшісі.

Сума Чакрабарти Тоқаевтың экономикалық даму мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болған уақытта Өзбекстанда да осыған ұқсас қызметке тағайындалған. Бағдарлама барысында кеңесшіге қызық сұрақ қойылады. Жүргізуші қонақтан: "Егер сізге ірі бизнесмен келіп, сіздің еліңізге инвестиция салғым келеді деп айтса. Сіз оған қай елді ұсынатын едіңіз, Қазақстанды ма, Өзбекстанды ма?" - деп сұрайды. Чакрабарти бұл мәселеге ұлттық көзқараспен емес нақты аймақ тұрғысынан қарау қажеттігін айтады.



"Бұл нақты секторға байланысты. Мен бұл мәселеде ұлттық көзқарастың орнына, нақты аймақ тұрғысынан қарау қажет деп санаймын. Себебі екі мемлекеттің экономикасы екі түрлі. Егер мен бизнесменге ұсынатын болсам, онда екі елдің нарық жүйесіне баса назар аударар едім. Халқының саны 50 млн болатын екі мемлекет үшін нарық жүйесі өте үлкен. Осыны пайдаланып тауар айналымы арқылы экономиканы нығайтуға болады", - деп түсіндірді кеңесші.

Чакрабарти сонымен бірге Тоқаев пен Мирзеевтің жақында өткен кезесуінде қай жақтың делегациясында болғанын айтты.

"Мен екі елдің де делегация құрамында болған жоқпын. Әрине, мен халықаралық валюта қорының басқарушы төрағасының орынбасарымын. Өзбекстан елінің басшысы келген кезде мен оларды "Экспо" қалашығында күтіп алдым. Сол жерден халықаралық валюта қорымен жүргізілген ынтымақтастық жайында әңгіме қозғадық. Алайда екі мемлекеттің де делагация құрамында болған жоқпын", - деді ол.

Өзбекстан президентінің Қазақстанға жасаған сапары аясында екі елдің арасында ынтымақтастығына қатысты 22 құжатқа қол қойылған. Чакрабарти осы келісімдердің ішіндегі ең маңыздыларын айтып берді.

"Менің ойымша бұл үлкен серпіліс әкелген сапар болды. Егер бұрынғы кездесулермен салыстыратын болсақ, бұл басқосудың ерекшелігі 6,6 млн доллар келісім шартқа қол қоюында. Олардың ішінде сауда, ауыл шаруашылығы, тасымалдау салаларында көптеген жаңа бастамалар болды. Бұлардың барлығы экономиканың жаңа дамуына алып келетін маңызды тетіктер", - деді Сума Чакрабарти.

Талқылау