Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Судья Шерзат өлімі бойынша сот отырысын сынаған блогерлерге ескерту жасады

Эфирден скриншот

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Судья Ержан Жанұзақов сот отырысы туралы пікір білдіріп, құқықтық баға берген блогерлерге ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Судья сот отырысын ескертуден бастады. Сөзінше, іске мүлдем қатысы жоқ тұлғалар сот талқылауы мен тергеуге қатысты жеке пікірін білдіріп, субъективті баға беруге құқығы жоқ.

“Констуцияның 75-бабының 1-тармағына сәйкес, сот төрелігін тек сот іске асырады. Сот ісіне қандай да бір араласуға жол берілмейді. Заңды тәртіпте ол үшін жауапкершілік қарастырылған. Үкім заңды күшіне енгенге дейін сот процесін түсіндіруге, құқықтық баға беруге берілмейді. Сот бәрін жан-жақты, объективті зерттеуге міндетті. Істі қарайтын судья тәуелсіз және объективті, жеке мүдделілігі болмауы және біреудің ықпалына түспеуге тиіс. Ол бәрін заң аясында шешеді. Сот тергеу сатысында, қорытынды үкім шығарылған жоқ”, – деді судья.


Шерзат Полат ісі бойынша шығарылған үкім қазақстандықтарға ұнамауы мүмкін – Адвокат Өтебеков


Ол үкім шыққанға дейін судьяға сын айтуға болмайтынын айтып, ескерту жасады. Сөзінше, бұл судьяға қысым көрсету деп бағаланып, ол үшін жазаға тартылуы мүмкін. 

Бұл адвокат Джохар Өтебековке қатысты айтылса керек. Ол бұған дейін сот процесіне қатысты бірнеше мәрте өз бағасын берген еді.

Еске салайық, бұған дейін 6 мамырда өткен сот отырысында айыпталушылардың бірі Дархан Әскентай 4 қазан күні "Қамажай" дүкеніне сыра алуға барғанын айтып, Шерзат Болаттың өліміне әкелген төбелеске қатыспағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Шерзат кастетпен ұрып жіберіп, кейін жағдайы нашарлаған соң досы Нұрбол Тоқтабайды шақырған. Төбелестің басталуына Қаржаубайдың пышақпен шығуы және Шерзаттың біреуді ұруы себеп болды дейді. Дархан тергеу кезінде қысым көрсетілгенін, қорғаушысы болмағанын, сондықтан шындықты енді айтып жатқанын жеткізді. Ол оқиғаға қатысқан кейбір күдіктілерді танымайтынын, ешкімді ұрмағанын, төбелеске араласпағанын айтты. Тергеу кезіндегі айыптаулармен келіспейтінін, бұл кездейсоқ болған оқиға екенін, тек өз әрекеті үшін жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 10:26
Талқылау