"Су жаңа Lexus ES 250": Үйлену тойында күйеу балаға қайынжұрты көлік сыйлады
Фото: Видеодан скриншот
Желіде қайынжұртынан сыйлық алған күйеу бала қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыйлықты қыздың анасы тарту етті.
“Сен біздің сүйікті күйеу баламызсың. Осы көліктің иесі – өзіңсің”, – деп кілтті табыстады қыздың анасы.
Желі қолданушылардың сөзіне сенсек, Ақтөбеде өткен тойда күйеу баласына қыздың ата-анасы автосалоннан су жаңа Lexus ES 250 маркалы көлікті сыйлаған.
-
“Машина емес, нан алып тұрған сияқты”: Тұрсен Алагөзов өгей қызы Айару Бақытбекке көлік сыйлады
-
"Мәһрге сұрағанмын": Айгүл Иманбаеваға Америкада тұратын күйеуі қымбат сыйлық жасады
Көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. Бірі қыздың ата-анасын қолдап жатса, енді бірі танымай жатып, күйеу балаға қымбат сыйлық беруге қарсы екендерін жеткізді.
“Құлдықтың бірінші күні”, “Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған”, “Қырылып қалса машина жоқ”, “Келмей жатып, қымбат сыйлық бергені несі”, “Қайынжұрттан машина мінгенше, есек мінген артық”, “Күйеубала мәһрге машина сұраған болар”, – деп жазды көпшілік.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
