Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су үшін төбелеседі: Ақмола облысында ауыл тұрғындары су жетіспеушілігінің кесірінен жаппай көшуге мәжбүр

Ақмола облысындағы Егіндікөл тұрғындары тағы бір қысты сусыз өткіземіз деп қорқады. Ауыл тұрғындары сырттан келген су үшін кезекке тұрып, сол жерде тіпті төбелесіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Түсірілімнен скриншот

Тұрғындар краннан мүлдем су ақпайтынын айтады.

“35 градус аязда адамдар су үшін кезекте тұрды. Үйге апарғанша су қатып қалады. Олар су үшін төбелесіп қалып, жүргізушілерге де тап береді. Су жетіспеушілігінің кесірінен осындай шу болып кетті, бұл су құбырын жасау керек”, – деді Егіндікөл ауданының тұрғыны Петр Самсон.

Жергілікті су арнасының қызметкері Геннадий Малиновский таңғы тоғыздан түн ортасына дейін су құбырын жөндеуге мәжбүр. Нұра топтық су құбырынан мың текше метрден астам су жіберіледі, тек оны ғана ауылға жетеді. Мұның бәрі жағдайдың жоқтығынан.

Бүгін біреуін бітеп қойсам, ертең ол жарты метр боп шығып кетеді. Күн сайын дерлік құбыр тесіледі. Мүмкіндігінше таңғыштар қойылады, қайнатылады. Ал сулы жерлерге ештеңе жасай алмайсыз. Бұл – уақытша шара”, – деді "Егіндікөл су арнасының" қызметкері Геннадий Малиновский.

Аудан билігінің айтуынша, судың жоқтығынан халық жаппай көшіп жатыр.

Ұзындығы 350 шақырымнан асатын жаңа су құбырын салу туралы шешім қабылданды, оның 65-і – Егіндікөлде. Бірақ әзірге процесс жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезеңінде. 

“Нұра топтық су құбыры – республикалық кәсіпорын, ол республикадан қаржыландырылады. Қаржыландыру республикадан келсе, неліктен сапалы техника да, қарапайым жабдық та жоқ? Субсидияланған коммуналдық кәсіпорын республикалық кәсіпорынға көмектесуі тиіс, сонда халық кем дегенде он текше метр су алатын еді”, – деді Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаты Лариса Шевцова. 

Талқылау