“Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесемін”: ШҚО-да ер адам колонияда отырып алаяқтық жасаған
Шығыс Қазақстанда ер адам колонияда отырып алаяқтық жасаған. Бұл туғалы Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Өскемен қаласының тұрғыны Әділет Әбдірахманов хоккеймен айналысып, жергілікті командада ойнап, тіпті балаларды жаттықтырған. Алайда ол виртуалды спортқа әуестеніп, букмекерлік кеңселерге үлкен ставкалар қойып кеткен. Өз ақшасы ставкаларға жеткіліксіз болғандықтан, бұрынғы спортшы алаяқтықтың жаңа түрін ойлап тапқан.
Күдікті адамдарды спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу және сату кәсібіне ақша салуға шақырған. Сондай-ақ өз құрбандарын бұл кәсіпті Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковамен бірге жүргізіп жатырмыз деп сендірген. Жас хоккейшілердің ата-аналарын және басқа да таныстарын осы кәсіпке инвестиция салып, пайда таппақ болады. Кейбірі жүз мың теңгеден, енді біреулері бірнеше миллион берген. Бұл қаражаттың барлығын ер адам бәс тігуге жұмсаған.
Өткен жылы Өскемен қаласының соты ойынға тәуелді азаматқа қатысты екі үкім шығарды. Күдікті бес жылға бас бостандығынан айырылған.
Әбдірахманов жазасын орташа режимдегі колонияда өтеп жүрген. Көктемде су тасқынынан зардап шеккендерге демеушілік көмек көрсету туралы жаңалықтардың бірінен демеуші туралы ақпарат тауып алып, интернеттен кәсіпорындардың бірінің директорына тиесілі ұялы телефон нөмірін тауып, бүркеншік ат арқылы әрекетке кіріскен. Өзін Дархан Сапановпын деп таныстырған ол серіктестік басшысына телефон соғып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді сұраған.
Ақшаны шығару үшін Әбдірахманов бизнеспен айналысатын бұрынғы әйеліне жүгінген. Ол колонияға тігін машинасы қажет деп, қаражатты өз шотына аудартып алған.
Бұл ақша біткен соң алаяқ бұрынғы әйеліне тағы ұсыныс жасайды. Ер адам су тасқынынан зардап шеккендерге демеушілік көмек көрсету үшін ақша жинап жатқанын айтып, әкімдік субсидия береді деп уәде береді.
Кәсіпкер оның айтқанына сеніп, күн сайын қомақты сомалар жіберіп отырған. Мамыр айында ең үлкен аударым 6 миллион теңгеге жетті, ал жалпы сома 50 миллион болды
Алданған кәсіпкер бастапқыда мүлде күманданбаған.
"Әбдірахманов басқа облыстардан ақша жинап жатырмын, Шығыс Қазақстан облысының әкіміне көмектесуіміз керек, бүгін көмектессек, ертең ақшамыз қайтарылады деп айтты," – деді алданған кәсіпкер әйел.
Ақша қайтарылмаған соң, әйел нағыз Сапановтың телефон нөмірін тауып, хабарласып, алаяқтық құрбаны болғанын түсінді. Әбдірахмановтың бұл әрекеті үшін кінәлі деп танылып, сот үкімі бойынша сегіз жылға қатаң режимдегі колонияға қамалды.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық футболшы бірнеше адамға несие алғызып, алаяқтық жасағаны үшін сотталғанын жазғанбыз.