Су асты дрондары 11 жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ұшақты іздеуді қайта жалғастырмақ
Фото: aerotime.aero
11 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Airlines компаниясының MH370 рейсін іздеу қайта жалғасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Malaysia Airlines компаниясының MH370 рейсі 2014 жылдың 8 наурызында жоғалып кеткен еді. Boeing 777 ұшағы сағат 00:41-де Куала-Лумпурдан Бейжіңге қарай ұшып шыққан. Ал бортта 239 адам болған.
Ұшақты соңғы рет сағат 02:14-те әскери радардан көрген. Сол кезде әуе кемесі Малакка бұғазының үстінде батысқа қарай бұрылған. Жарты сағат өткен соң, әуе компаниясы ұшақпен байланыс үзілгенін растады. Ал борт Бейжіңге шамамен сағат 06:30-да қонуы тиіс еді.
Малайзия Көлік министрлігі Malaysia Airlines компаниясының MH370 рейсін іздеу жұмыстарын 30 желтоқсанда қайта бастайтынын мәлімдеді. Бұл авиация тарихындағы себебі белгісіз, жауабы әлі табылмаған жұмбақтардың бірі.
Қазақстандық әйел ұшақта апатты шығу есігін ашып жіберген: Енді 7 миллион теңге төлеуі тиіс
Теңіз робототехникасы саласындағы жетекші оператор, америкалық Ocean Infinity компаниясы ұшақты іздеуге 55 күн арнамақ. Жұмыстар теңіз жағдайына байланысты үзіліспен жүргізіледі.
Министрлік операция ықтимал аймақтарда жүргізілетінін, алайда нақты координаттар жарияланбайтынын айтты. Бұл шешім биыл Ocean Infinity компаниясымен «нәтиже шыққанда ғана ақы төлеу» шартымен келісімшарт жасалған соң қабылданды. Келісімге сәйкес, компания лайнердің қалдықтарын тапқан жағдайда ғана 70 миллион доллар (35 461 300 000) алады.
Ocean Infinity Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіндегі 15 мың шаршы шақырым аумақты зерттемек. Алдыңғы здеу жұмыстары қолайсыз ауа райына байланысты сәуірде тоқтатылған еді.
Жаңа операция кезінде теңіз түбінің рельефін жоғары дәлдікпен сканерлеуге арналған заманауи суасты дрондары қолданылмақ. Жолаушылар арасында Малайзияның 12 экипаж мүшесі, Қытай, Австралия, Үндістан, Франция, АҚШ және басқа да елдердің азаматтары болған.
Айта кетейік, бұған дейін Бразилия әуежайында жолаушылар ұшағы өртке оранғаны туралы жазған едік.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады