Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стюардесса ұшақ дәретханасында жазылған хатты оқып жолаушы қызды құтқарып қалды

Alaska Airlines әуе компаниясының жолсерігі ұшақтың дәретханасындағы хатты оқып, саудаланып кете жаздаған қызды құтқарып қалды.

_94006548_bdaa4cca-d63c-4c44-b285-cc4418ba2dbc

Шелиа Федрик журналистерге берген сұхбатында, жақсы киініп алған ер адам мен оның жанындағы шашы дудар-дудар болған қызды көргенде іштей күдіктеніп қалады.

Осы кезде жолсерік Федрик қызға ыммен түсіндіріп, дәретханаға баруын айтады. Ол жерде айнада хат ілініп тұрады. Қыз хатқа өзіне көмек керек екенін жазған.

Ақырында жеткіншек қыздың адам саудасының құрбаны бола жаздағаны белгілі болды. Жолсерік бұл жайлы ұшқышқа айтады. Ұшқыш алдын ала полицейлерге хабар береді.

Оқиға 2011 жылы болған.  БАҚ-та өткен аптада жарияланды. Сол кезден бастап әуекомпаниясы адам саудасымен күресе бастады.

Құрбандар әдетте өзгелермен бірге нашар киіммен жүреді. Олар өздерінің қайда бара жатқаныдарын білмей жатады. Арам ойлы адамдар олардың орнына жауап беріп, олар туралы жеке мәліметтерді де білмейтін кездері болады.

Қазір аман қалған қыз колледжде оқып жатыр. Ол әлі күнге өзін құтқарған жолсерікпен қал сұрасып, хабарласып тұрады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы әуежайының қызметкерлері жолаушылар сөмкесін ақтарып жүрген

Бойжеткен сүйіктісінің бір кездері өзін құтқарып қалғанын кездейсоқ біліп қалды

Анасы қызын бір теуіп жеделсаты есігінің қысып қалуынан құтқарды (видео)

Түсік тастаған әйелдің сәбиі тіріліп кетті (фото)

Талқылау