"Терезе арқылы қашқан": Қорғаныс министрлігі әскерден қорыққан студенттердің видеосына қатысты пікір білдірді (видео)
Әскерден қашқан студенттердің видеосына қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Әскери комиссариат қызметкерлерінің айтуынша, бұл видео 10 күн бұрын түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан колледж студенттерінің терезе арқылы қашып жатқанын көруге болады. Дәл сол күні студенттерге диплом табысталған екен. Алайда көңілді кешті әскери комиссариат қызметкерлері бұзған.
Министрліктің хабарлауынша, оларды ешкім күштеп әскерге әкетпейді. Ал бұл күні балаларды медициналық тексеруге апару көзделген екен.
"Әскерде қызмет ету – әрбір азаматтың борышы. Шақырту қағазын алғандар әскери комиссариатқа келу міндетті. Жалтарғандарға жауапкершілік қарастырылған", – делінген министрлік хабарламасында.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"