Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стоматологиялық клиника сапасыз қызмет көрсеткені үшін қазақстандыққа екі миллион теңге өтейтін болды

Ақтөбеде науқастың тісін имплантациялау және протездеуде дұрыс емдемеген стоматологиялық клиника сотталды. Ол енді келушіге 2 миллион теңгеден аса ақша төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Тұрғын тісін емдету үшін жеке стоматологиялық клиникаға жүгінген. Ол имплант пен протездеу үшін 1 миллион 560 мың теңге төлеген.

Алайда барлық процедуралардан кейін тұрғын ауырсыну мен ыңғайсыздыққа шағымданды. Дегенмен клиника әлі де бейімделуге уақыт керегін айтып сендірген.

Сонда да әйелдің жағдайы жақсармағандықтан ол басқа клиникадан көмек сұраған. Ол жерде оның жаңадан салынған екі имплантын мамандар алып тастады. Бұдан кейін ол бастапқыда емделген клиниканы сотқа берді. 



Медициналық және фармакологиялық бақылау комитетінің департаменті диагностика мен емдеудегі, құжаттамадағы заң бұзушылықтарды анықтады. Яғни бұл қате диагноз қою мен емдеу тактикасындағы қателіктерге байланысты болған. Сот стоматологияның талапкерге тиісті медициналық қызмет көрсетпегенін растады.

“Сот талапкердің пайдасына емханадан материалдық шығыны үшін 1 миллион 560 мың теңге және моральдық зиян үшін 500 мың теңге өндіріп алды”, - деп хабарлады Ақтөбе сотының баспасөз қызметі.

Талқылау