Стереотипке түкіргенім бар: Жәния Джуринская тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтты
Тұрмысқа қашан шығасың? Белгілі актриса Жәния Джуринскаяға жиі жолданатын сауал осы. Оң босаға туралы әңгімеден мезі болған Жәния елдің сынына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Жәния қалыптасып қалған стереотиптерге қарсы екенін алға тартып, тұрмысқа шығуға асықпайтынын мәлімдеді.
“Мен ешқашан тұрмысқа шығуға асыққан емеспін, тіпті сүйіктімді осыған көндіргенмін. Бір жігітпен 45 жыл жүрсем де, онымен алдағы өмірімді өткізе алмайтынымды түсінсем, нүктесін қоямын.
Неке – мен үшін бұл өмірдегі ең маңызды нәрсе. Сенің және балаларыңның болашақ өмірі таңдаған адамыңа байланысты өрбиді.
Уақытым келді екен деп тұрмысқа шықпаймын, адамдар ойлап тапқан стереотиптерге түкіргенім бар. Мен бұл жүйеге бағынбаймын. Маған шынайы сезім керек”, – дейді Жәния.
Алайда желі оқырмандарының басым бөлігі актрисамен келіспейтіндерін айтады.
“Әр нәрсенің өз уақыты болады. Жастығың мен сұлулығың бір күні өтеді, ал жаныңда кім қалады?” – деп пікір білдірді оқырмандар.
Жіберіп алмаңыз:
Әнші Динара Сұлтан бесінші перзентін күтіп жүр (фото)
Ернар Айдар: Аурухана төсегінде барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым
Қайрат Түнтеков 4 жылдан бері фонограммамен өтетін концерттерден бас тартып келген
Танымал әнші ақын Құрманай Бақтиярқызына қымбат көлік сыйлады (фото)