"Спортшыларға кері әсер етеді": Дональд Трамп Олимпиадаға жарияланған бойкотты қолдамайтынын мәлімдеді
Американың бұрынғы президенті Дональд Трамп Қысқы Олимпиадаға жариялаған бойкотты қолдамайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, мұндай шара спортшыларға кері әсерін тигізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Р-Спорт басылымына сілтеме жасап.
Трамп АҚШ-тың 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиадаға бойкот жариялағанын еске салды.
Ұлыбритания, Канада және Аустралия Қытайда өтетін Олимпиадаға бойкот жариялады
"Жоқ, себебі мен президент Джимми Картердің мұны қалай жасағанын білемін және бұл сұмдық. Спортшыларға кері әсер етеді. Біз бұдан да жақсы шараларды қабылдауға қауқарлымыз. Мен жарысқа АҚШ-тың қатысқанын қалаймын. Спортшылар барып, барлық алтын, күміс, қола медальді жеңіп келеді деп ойлаймын", – деді Дональд Трамп.
Пекинде Қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ үкіметінің Олимпиада ойындарына бойкот жариялағанын хабарлаған едік. Дегенмен америкалық спортшылар жарысқа қатыса алады.
Талқылау

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
Сөздерінше, осылайша олар кеміргіштерден бұрын құстар мен тиіндарға, мысықтарға зиян келтіреді

"Арнайы тізім жасалуда": Президент тапсырмасынан соң Қазақстанда кімдердің жәрдемақысы қысқартылады
Экономист: “Зәулім үйде тұрып, баспанасыздарға арналған жәрдемақы алатындар бар”