Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания, Канада және Аустралия Қытайда өтетін Олимпиадаға бойкот жариялады

АҚШ билігінен кейін бірден үш мемлекет Қытайда өтетін Қысқы Олимпиадаға ресми өкілдерін жіберуден бас тартты. Алайда дипломатиялық бойкот спортшылардың жарысқа қатысуына әсер етпейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

олимпиада

АҚШ ресми түрде Қытайда өтетін Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялады


Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон сәрсенбі күні Канберрада бойкот жариялағаны туралы мәлімдеді. Ол мұндай шешім қабылдауға адам құқығын бұзу секілді мәселелердің себеп болғанын айтты. 

Аустралиядан кейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялайтынын хабарлады. 

"Пекиндегі Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жарияланады. Онда британиялық министрлер мен ресми тұлғалар қатыспайды. Ал спорттық бойкотты дұрыс деп ойламаймын. Бұл тек үкіметтің саясаты болып қала береді", - деді Борис Джонсон. 

АҚШ көршісі Канада да бойкот жариялаған елдер қатарына қосылды. 

"Пекиндегі Олимпиада мен Паралимпиадаға дипломатиялық өкілдерімізді жібермейтінімізді мәлімдейміз. Адам құқығының бұзылуы бізді алаңдатады", - депі хабарлады ел премьер-министрі Джастин Трюдо. 

Талқылау