Жаңа Конституцияда да орыс тілі бұрынғыдай ресми тіл мәртебесінде қалды

Фото: pixabay.com
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде нақты әрі айқын бекітілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі бекітілді. Ал орыс тілі бұрынғысынша ресми тіл мәртебесінде қалды.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының біртұтас халқының тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай жасауға қамқорлық көрсетеді", – делінген жоба мәтінінде.
Осылайша, мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тілінде сақталып отыр.
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, қоғам тарапынан мемлекеттік тілдің мәртебесі жөнінде сұрақтар көтерілгенімен, жаңа Конституция жобасында бұл мәселе айқын әрі нақты көрсетілген.
“Азаматтардың бір бөлігі мемлекеттік тілдің мәртебесіне назар аударды. Алайда жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде анық әрі бірмәнді түрде бекітілгенін ерекше атап өткім келеді”, – деді Жандос Шаймарданов.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның сөзінше, жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тіл қазақ тілі екені айқын бектілген.
Жаңа Конституцияның жаңа жобасында "Конституциялық құрылыс негіздері" деп аталатын 1-бөлімнің 9-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу. Ол — қазақ тілі. Басқа мемлекеттік жоқ. Мемлекетіміз барда қазақ тілі ешқашан ол тұғырдан түспейді. Демек сол үшін, ең бастысы мемлекетті сақтау керек, мемлекетті қорғау керек, ең бірінші, ел бірлігін ойлау керек, — деді Мемлекеттік кеңесші.
Айта кетейік, Конституциялық реформа аясында негізгі заңның бірқатар норманы жаңарту және нақтылау көзделіп отыр.
- Елде жаңа Конституцияның жобасын бұрмалап желіге тарататындарға қатаң жаза қолданылмақ
- Конституция төңірегіндегі фейкке тосқауыл: Ішкі істер министрлігі қатаң ескерту жасады
Еске салайық, бұған дейін жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқан қазақстандық жауапқа тартылғанын жазған. Алматы қалалық аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А азаматтық жауапқа тартылып, жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма