Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

УЕФА президенті Қазақстанда сайланады

УЕФА-ның 51-кезекті конгресі Қазақстанда өтеді.  Аталған отырыс 2027 жылдың 4 наурызында Астана қаласында ұйымдастырылатыны ресми түрде жарияланды.  Еуропалық футбол қауымдастықтары одағына мүше 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері бас қосып, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдайды.  Қазақстандағы жиын барысында УЕФА президенті сайланады. Сонымен қатар ұйымның Атқарушы комитетінің мүшелері де анықталады.  Айта кетейік, 50-ші УЕФА конгресі 2026 жылғы 12 ақпанда Брюссельде өтті. Жиын аясында бірқатар маңызды шешімдер қабылданып, бекітілді.  51-конгресс Қазақстанда бұрын-соңды ұйымдастырылған ең ауқымды халықаралық футбол іс-шараларының бірі болмақ.  Конгресті ұйымдастыру және өткізуге байланысты барлық шығынды УЕФА өз мойынына алады.  Еске салсақ, Қазақстан УЕФА құрамына 2002 жылдың 25 сәуірінде қабылданған.  Осы маңызды қадамнан кейін қазақ футболы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ отандық клубтар Чемпиондар лигасы және өзге де еурокубоктық жарыстарда өнер көрсету құқығына ие болды.Фото:ҚФФ

УЕФА-ның 51-кезекті конгресі Қазақстанда өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған отырыс 2027 жылдың 4 наурызында Астана қаласында ұйымдастырылатыны ресми түрде жарияланды.

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағына мүше 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері бас қосып, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдайды.

Қазақстандағы жиын барысында УЕФА президенті сайланады. Сонымен қатар ұйымның Атқарушы комитетінің мүшелері де анықталады.

Айта кетейік, 50-ші УЕФА конгресі 2026 жылғы 12 ақпанда Брюссельде өтті. Жиын аясында бірқатар маңызды шешімдер қабылданып, бекітілді.

51-конгресс Қазақстанда бұрын-соңды ұйымдастырылған ең ауқымды халықаралық футбол іс-шараларының бірі болмақ.

Конгресті ұйымдастыру және өткізуге байланысты барлық шығынды УЕФА өз мойынына алады.

Еске салсақ, Қазақстан УЕФА құрамына 2002 жылдың 25 сәуірінде қабылданған.

Осы маңызды қадамнан кейін қазақ футболы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ отандық клубтар Чемпиондар лигасы және өзге де еурокубоктық жарыстарда өнер көрсету құқығына ие болды.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 22:22