Тоқаев қазақстандықтардың дипломдарына қатысты жаңа заңға қол қойды

Тоқаев қазақстандық дипломдарды Азия-Тынық мұхиты өңірінде тану туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы "жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы" заңға қол қойған.
Айта кетейік, бұған дейін аталмыш заңды Сенат мақұлдаған еді. Осылайша Қазақстан дипломдар мен біліктіліктер туралы ақпарат алмасуға арналған өңірлік желіге (APNNIC) ресми түрде қосылды.
46 жалған диплом анықталды: Дипломдар енді QR код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі
Енді коучтар мен "инфосыған" блогерлер дипломсыз курс сата алмайды: Жаңа заң дайындалып жатыр
Аталған конвенцияға қосылу Қазақстан азаматтардың дипломдары мен біліктіліктерін Азия–Тынық мұхиты өңірі елдерінде тануға мүмкіндік береді. Бұл студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жеңілдетіп, азаматтардың алған мамандығы бойынша шетелде жұмысқа орналасуына жол ашады. Конвенцияға Ауғанстан, Армения, Австралия, Қытай, Фиджи, Ватикан, Жапония, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Ресей, Түркия және Оңтүстік Корея мүше.
Еске салсақ, бұған дейін енді қазақстандықтардың дипломдары Қытайда, Оңтүстік Кореяда және Түркияда мойындалатыны туралы жазған едік.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр