“Странджа” кубогінде Қазақстан намысын қорғайтын боксшылар анықталды

Қазақстан ұлттық құрамасының Странджа кубогі турниріне қатысатын құрамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болгарияда өтетін байрақты бәсекеде 39 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірден үш спортшы қорғайды.
“Странджа” кубогі-2026 турниріне қатысатын боксшылар:
Әйелдер
48 кг: Айгерім Сәттібаева, Анель Құдайберген
51 кг: Жазира Орақбаева, Анита Адишева
54 кг: Элина Базарова, Жайна Шекербекова, Анель Сақыш
57 кг: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова
60 кг: Виктория Графеева, Римма Волосенко
65 кг: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева
70 кг: Бақыт Сейдіш, Мадина Нұршаева
75 кг: Валентина Хальзова, Мария Сидоренко
80 кг: Надежда Рябец
80+ кг: Дина Исламбекова, Валерия Аксенова
Ерлер
50 кг: Даниял Сәбит, Бекзат Алдамжаров
55 кг: Тимур Қабдешов, Бағлан Кенжебек
60 кг: Бейбарыс Жексен, Руслан Күзеубаев
65 кг: Ертуған Зейнуллинов, Әбдікәрім Әбдіғалім, Илья Калинин
70 кг: Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
80 кг: Санжаралі Бегалиев, Диас Молжігітов
85 кг: Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, Дәулет Төлемісов
90 кг: Нұрмағамед Юсупов
90+ кг: Нұрлан Сапарбай, Даниал Сапарбай
Странджа кубогі 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.
Айта кетейік, 2025 жылғы жарыста қазақстандық боксшылар 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған еді.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген