Соңғы лицензиялық турнирге қатысатын еркін күрес шеберлері анықталды
Еркін күрестен Париж олимпиадасына жолдама беретін соңғы лицензиялық турнирде бақ сынайтын балуандар белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық турнир Түркияның Стамбул қаласында өтеді. 9-12 мамыр аралағында өтетін байрақты бәсекеде белдесетін еркін күрес шеберлері белгілі болды. Еркін күрестен Ұлттық құраманың бас бапкері Мадия Құрамысов жарысқа қатысатын балуандардың тізімін жариялады. 57 келіде тәжірибелі Рахат Қалжан сынға түссе, 65 келіде Адлан Аскаровқа мүмкіндік берген. Ал 74 келі салмақ дәрежесінде соңғы Азия чемпионатында сәтсіз өнер көрсеткен Талғат Сырбаз ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, Бішкекте өткен Азия құрлығының лицензиялық турнирінде қазақстандық еркін күрес шеберлері екі жолдама жеңіп алды. 97 келідегі Әлішер Ерғали мен аса ауыр салмақтағы Юсуп Батырмурзаев финалға дейін жеткен еді.
Қазақстанды дүр сілкіндірген лесбиянкалар отбасындағы өлім: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді

