Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресми: Алматы қаласы 2029 жылғы Х қысқы Азия ойындарын қабылдайды

Алматыда өтедіФото:ҰОК

Ресми түрде 2029 жылғы қысқы Азия ойындары алатау баурайындағы Алматы қаласында өтетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығы 2022 жылы Сауд Арабиясына  берілген еді.

Алайда өткен айда Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен ОСА бірлескен мәлімдеме жасап, жарыстың мерзімі белгісіз уақытқа шегерілгенін хабарлаған.

Енді ресми шешім Италияның Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындары аясындағы жиында қабылданып, келісімшартқа қол қойылды.


Қазақстан Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарынан жүлде ала ма?


Италиялық биатлоншы Олимпиада алдында допинг дауына ілікті


Айтулы шарaға Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.

Айта кетейік, 6 ақпан күні төрт жылдықтың басты дүбірлі додасы қысқы Олимпиада ойындары жалауын көтереді. Еліміздің атынан бұл бәсекеге 10 спорт түрінен 36 спортшы бақ сынайды. 

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 05 Ақпан, 2026 18:25