Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда қазақстандық зауытта өрт шыққаннан кейін із-түссіз жоғалып кеткен – БАҚ

Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяда тұрмыстық тауарлар өндіретін зауытта ірі өрт шықты. Салдарынан өзге жұмысшылар эвокуацияланған кезде Қазақстан мен непалдық азамат іс-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap порталына хабарлайды. 

Ақпарат құралдарының мәліметінше, өрт 30 қаңтар күні сағат 14:55 шамасында Солтүстік Чхунчхон провинциясының Ымсон уезінде орналасқан дымқыл сулықтар мен жөргектер өндіретін зауытта тұтанған. Өрт шыққан сәтте кәсіпорында 83 қызметкер болған. Олардың 81-і дер кезінде эвакуацияланған.

БАҚ деректеріне сәйкес, эвакуациядан кейін екі шетелдік қызметкер – жасы шамамен 50-дегі Қазақстан азаматы және шамамен 20 жастағы Непал азаматы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған. Өрт ішінара ауыздықталғаннан кейін іздестіру жұмыстары басталған.

Сондай-ақ кейбір ақпарат құралдарында жоғалғандардың 50 жастағы Өзбекстан азаматы мен 20 жастағы Непал азаматы екені туралы мәлімет тараған.



31 қаңтар күні сағат 00:39-да өрт сөндірушілер жоғалғандардың бірінің мәйітін ғимараттың екінші қабатындағы баспалдақ маңынан тапқан. Қаза тапқан адамның жеке басы әлі анықталған жоқ.

Өртті толықтай сөндіру тек шамамен 21 сағаттан кейін – 31 қаңтар күні сағат 12:08-де ғана мүмкін болған. Өртті сөндіру жұмыстары ғимарат конструкцияларының құлауымен және зауыт аумағындағы жанғыш материалдардың көптігімен күрделенген.

БАҚ мәліметінше, Оңтүстік Корея билігі екінші жоғалған жұмысшыны іздеу жұмыстарын жалғастырып, өрттің шығу себептерін тергеп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореядағы заңсыз жүрген қазақстандықтар ақпанның соңына дейін елден өз еркімен кете алатыны туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Жексенбі, 01 Ақпан, 2026 11:34