Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың киімі Лозанна қаласындағы музейде сақталады

Михаил ШайдоровФото:ҰОК

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған Михаил Шайдоровтың финалдық кезеңде киген киімі мұражайға қойылатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтулы киімді отандық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызының қолынан шыққан туынды.

Сондай-ақ бұған дейін Vogue Italia журналының онлайн-нұсқасы Шайдоровтың Олимпиададағы қысқа бағдарламада киген костюмін ерекше дизайынын атап өткен еді. Басылым авторлары киімнің пішініне ғана емес, аксессуарларына да айрықша назар аударған.

"Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров көрерменді Dune фильміндегі Timothée Chalamet бейнесін еске салатын образымен таңғалдырды. Матаның драпировкасы мен градиентті элементтері костюмнің өзге бөліктерімен үйлесіп, Denis Villeneuve фильмдеріне тән футуристік эстетикаға ишара етеді", – деп жазады басылым.

Енді Михаил Шайдоровтың киімі Лозанна қаласындағы Халықаралық Олимпиада комитетінің музейінде сақталады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орынға тұрақтағанына қарамастан, еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетті.

Отандасымыз қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды. Сонымен қатар бұл – оның жеке рекорды.

Осылайша, 32 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсті.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026 12:40