Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Милан” сапында доп тепкен Александр Меркель елордалық клубқа ауысты

МиланФото:ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған Александр Меркель енді елордалық "Жеңіс" клубының намысын қорғайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Александр Меркель ұлттық құрамадағы дебютін 2015 жылы Исландияға қарсы өткен жолдастық матчта жасаған. Алайда кейін құжаттарына байланысты мәселелер туындап, ол ұлттық құрама сапына шақырту ала алмады.

Александр Меркель Алматыда дүниеге келген. Алты жасқа толған соң отбасымен бірге Еуропаға қоныс аударған.

Футболшы клубтық мансабында "Милан", "Дженоа", "Удинезе", "Уотфорд", "Грассхопперс" клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ Германия, Сауд Арабиясы, Түркия, Нидерланды және Австрия чемпионаттарында доп тепкен.

Оның соңғы клубы Дубайдың "Легентус" командасы.

 

Ақерке Өмірхан
Жұма, 30 Қаңтар, 2026 19:59