Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында топ жарды

Велоспорттан Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық ару топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелдер арасындағы элита санаты бойынша уақытқа жарыста Рината Сұлтанова ел намысын қорғады.
Байрақты бәсекеде ол 20 шақырым қашықтықта ең үздік көрсеткішті тіркеді. Осылайша Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды. Ал күміс жүлде Гонконг өкілі Ие Вин Лунға бұйырды. Үздік үштікті қытайлық Хао Чжан түйіндеді.
Айта кетейік, Сауд Арабиясы алғаш рет алғаш рет мұндай ірі жарысты қабылдап отыр.
Бұдан өзге жасөспірімдер арасында Глеб Новиков пен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Мария Елькина күміс медаль еншіледі.
Дүбірлі додада 11 ақпанға дейін жалғасады.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен