Қазақстандық таэквондошылар Kazakhstan Open-2025 турнирін 10 алтынмен бастады

Астанада өткен Kazakhstan Open-2025 (G1) халықаралық рейтингтік турнирінің алғашқы күні Қазақстанның ересектер құрамасы айқын басымдық танытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ел спортшылары барлығы 38 жүлде жеңіп алып, оның 10-ы алтын медаль болды.
Алтыннан алқа таққандар қатарында Еркебұлан Енсегенов (54 кг), Жавохирхан Исламов (58 кг), Нұрбек Ғазез (68 кг), Бекқасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Бейбарыс Қаблан (+87 кг), Айдана Құмартаева (46 кг), Нодира Ахмедова (53 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг) және Назым Махмудова (73 кг) бар.
Сонымен қатар, 12 спортшы күміс жүлдегер атанса, 16 таэквондошы қола медальға ие болды. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр және алдағы күндері кадеттер мен жасөспірімдер сынға түседі.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты

