Қазақстандағы ең үлкен стадион Алматыда бой көтермек

Алматыда 45 мың орындығы бар жаңа футбол стадионының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық әкімдік таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, жаңа спорт нысаны Медеу ауданында, Құлжа трактісінің бойында орналасады.
Жаңа арена 45 мың көрермен сияды деп есептелген. Бұл көрсеткіш қазіргі елдегі ең үлкен стадион Астана Арена (30 244 орын) сыйымдылығынан едәуір көп.
Стадион УЕФА-ның IV санат талаптарына толық сәйкес болады деп жоспарланып отыр. Бұл арена халықаралық деңгейдегі матчтар мен турнирлерді өткізуге мүмкіндік бермек.
Жоба аясында табиғи көгал төселіп, 1000-нан астам автокөлікке арналған тұрақ салынады. Сондай-ақ заманауи инженерлік және қауіпсіздік жүйелері орнатылады.
Құрылыс жұмыстары 2027 жылдың IV тоқсанында аяқталады деп жоспарланған. Нысанның нақты құны жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін жарияланады.
Қазіргі таңда Қазақстандағы ең үлкен футбол арена “Астана” Арена. Ол 2009 жылы ашылған, жабық төбесі бар заманауи кешен. Мұнда Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Астана" клубы өз ойындарын өткізеді.
Елдегі ірі стадиондар
• Алматы Орталық стадионы – 23 804 орын
• Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион (Шымкент) – шамамен 20 000 орын
• Шахтер стадионы (Қарағанды) – шамамен 19 500 орын
• Қайсар Арена (Қызылорда) – 11 000 орын, УЕФА IV санаты
Жаңа 45 мың орындық арена пайдалануға берілгеннен кейін Қазақстандағы ең ірі футбол стадионына айналып, елдің спорт инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды