Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді жұмыссыз әкелердің де декрет демалысына шыққан уақыты еңбек өтіліне есептеледі

Фото: pixabay.com

Қазақстанда енді декрет демалысына шыққан әкелердің де балаға күтім жасаған уақыты еңбек өтіліне есептеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа заңға сәйкес, кәмелетке толмаған балаларына өзі күтім жасаған, бірақ ресми жұмыс істемеген әкелердің бұл уақыты енді зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептеледі. Бұл өзгерістер Конституциялық соттың шешімін орындау үшін Әлеуметтік кодекске енгізіледі.

Сондай-ақ депутаттардың ұсынысымен жұмыс берушілерге жалғызбасты ата-аналарды (әйел не ер адам болуына қарамастан) өз бастамасымен жұмыстан шығаруға тыйым салынады. Осыған байланысты заңдағы "жалғызбасты аналар" деген ұғым "жалғызбасты ата-ана" деп өзгертіледі.



Бұдан бөлек, мәслихаттарға "Облыстың, қаланың немесе ауданның Құрметті азаматы" атағын беру тәртібін әзірлеп, бекіту құқығы беріледі.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Ақпан, 2026 10:40