“Қайраттың” жұлдызды ойыншылары “Қазақстан” құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды

Алматылық клубтан ұлттық командаға шақырту алған Дастан Сәтпаев, Темірлан Анарбеков, Еркін Тапалов және Дамир Қасаболат Бельгияға қарсы өтетін ойынды аяқтаған соң Алматыға қайтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazfootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесуін 15 қараша күні өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы өткізеді.
Бұл ойыннан кейін "Қайрат" ойыншылары ұлттық құраманың Хорватияда өтетін, Фарер аралдарына қарсы жолдастық матчына қатыспайды. Клубтың мұндай шешімі алдағы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы маңызды ойынмен байланысты. “Қайраттықтар” 26 қараша күні өз алаңында Данияның "Копенгаген" клубымен ойнайды.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты

